Көмір – Қазақстаннан өндіріске шығарылған алғашқы пайдалы қазба. Сондықтан ел тарихымен етене жатқан өндіріс көзі десек болады. Алдағы уақытта, қыс маусымы, жылыту маусымы келе жатқандықтан көмірдің біздің тұрмыстық өмірімізде маңызы мол екені белгілі.
Осы негізде, Ордабасы ауданында 2021-2022 жылдарға арналған жеке тұрғын үй жылыту маусымына жалпы көмір қажеттілігі – 62 000 тоннаны құрап отыр.
Қазіргі таңда тасымалданған көмір көлемі – 45 мың тонна. Сатылымдағы 1 тонна көмір бағасы тұйықтан 14800-15500 теңгені құрайды. Тұйық орындары Бадам станциясы аумағындағы «А.С.Дербес» ЖШС-ін атап өткеніміз жөн.
Сонымен қатар, Шұбар, Шұбарсу елді мекенінің тұрғындары Шымкент қаласынан, Қараспан елді мекендері Арыс қаласы аумағынан тасымалданады.
Жалпы аудан тұрғындары 121 596, үй саны 20 783, қатты отынмен пайдаланатын халық саны 17 023 құрайды.
Қажымұқан елді мекенінің тұрғындары үшін Темірлан елді мекені, Абасов көшесінде “ГСК” автотұрақ аумағында тасымалдау қызметімен көмір сататын орны белгіленген.