Ордабасы ауданы бөлшек сауда бойынша екінші орынды иеленді. Жалпы, бөлшек сауда - өнімді соңғы тұтынушыға сату ісі. Осы негізде, ағымдағы жылдың бастапқы 8 айында жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 4 628 адам 4 млрд 178 млн. 400 мың теңге несие қаржы тартылды.
Олар «Ырыс» МҚҰ ЖШС арқылы 93 адам 457,8 млн.тг., «КазМикроФинанс» (КМФ), Темірлан 2 801 адам 1 млрд 629,0 млн.тг, «КазМикроФинанс» (КМФ), Төрткүл 1369 адам 1053,1 млн.тг, «Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 298 адам 689,0 млн.тг. «АгроНесие Ордабасы» ЖШС-гі арқылы 24 адам 117,0 млн.тг., «Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 17 адам 184,0 млн.тг. «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры»АҚ 19 адам 95,0 млн.тг.
Тартылған несиенің басым бағыты: көктемгі дала жұмыстары, егін егу, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу, сауда айналымы, тұтыну тауарларын сатып алу т.б.
Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,4 пайызға артты. (2020 жылдың 8 айында 2081 адам 1 млрд. 914,7 млн.тг.)
Аудан бойынша бөлшек сауда 3 801,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады. Осылайша Ордабасы ауданының көрсеткіші облыста 2 орынға тұрақтады.
Жалпы ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар (оның ішінде токтап тұрған, перспективалық даму бағыты айқын емес кәсіпорын жоқ).