Қарты бар елдің қазынасы бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп атап, ел келешегі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсету басты міндетіміз екенін ескертіп өтті. Расында, қарты бар елдің - қазынасы бар демекші қариясын сыйлап, құрметтеген ел қашан да озық болмақ.  

image.png

Осы негізде, халықаралық Қарттар күніне орай Темірланда ауданымыздың гүлденіп көркеюіне үлес қосқан қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. 

Іс-шараға ауыл-аймақтан шақырылған 70-ке тарта ардагер ақсақалдар қатысып, мерекелік думанға қатысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев қарияларды мерейлі мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. 

Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ораз Есқараев қоғамның ақылшысы атанған қарттарды елдік мұрат-мақсат жолында күш біріктіруге шақырды. Сондай-ақ, ардагерлердің қоғамдық ұйымы арқылы ел ішіндегі мәселерді кеңесіп шешу керектігін тілге тиек етті. 

Мерекелік жиында мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер