Жол сапасының маңыздылығы жоғары

Жол  мәселесі – бұрыннан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Осы негізде Ордабасы ауданында жол мәселесін туындатпау шаралары қолға алынуда. Сапалы жол қағидасы негізге алынып, аудан әкімшілігі мен мамандар күндіз-түні жұмыс істеуде. 

image.png

Жыл басынан бері аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан аудандық маңызы бар автомабиль жолдары жөндеуден өтуде. 

Тарқатып айтар болсақ, Ықыластемір ауылына барар жолға жолдың негізін дайындау, Жұлдыз ауылына барар жолға асфальт төсеу, Қызылжар, Қарақұм ауылдарына барар жолға аяқжол салу жұмыстары жүргізілген. 

Сондай-ақ, Темірлан елді мекеніндегі Тұрмағанбетов көшесі, Төрткүл ауылындағы Д.Қонаев көшесі, Қайнар ауылындағы Шөлдік көшесі, Ұялыжар ауылындағы Беркімбай көшесі орташа жөндеуден өтті. 

Қазіргі таңда, аудан көлемінде жол сапасын жақсарту ісі жақсылап қолға алынды. Сапалы жол - биліктің сапасын, маманның біліктілігін көрсетеді. Сондықтан, аудан көлемінде техникалық көліктер жұмылдырылып, мамандар тыңғылықты жұмыс істеуде. Жолды сапалы ету - маңыздылығы жоғарылауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер