Белсенді жастар ескі қалашық тарихымен таныс болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек» -  екендігін атап өтіп, тарихымызды ұлықтап, оны құрметтеу басты міндет екендігін айтты. 

image.png

Осы негізде бір топ ордабасылық жастар мпен «Эко-Ордабасы» экологиялық қозғалысының мүшелері ежелгі Қараспан қалашығына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қалашық тарихынан құлағдар болды.

VII - IX ғасырларда шамамен Шыңғысхан дәуірінен кейін ҚАРАСПАН ТӨБЕ пайда болған екен.

Қараспан қалашығы қару жарақ, азық-түлік, тұрмыстық заттар жиналып тұратын және халық тығыз орналасқан үлкен шаһар атанған.

45 жыл ұстаздық еткен Қараспан ауылының тұрғыны атамыз Бәйдібек Имашұлының айтуынша: «Жаугершілікте от жағып белгі беретін төбелердің бірі болған». Ордабасы тауы- Қарауыл төбе- Қараспан төбе бір-бірімен байланысатын отты белгі төбелер болған.

Төбелердің ішіндегі ең үлкені біз айтып отырған Қараспан төбе.

Бүгінде Қараспан қалашығында көне құмыралар, кеселер, бояуы кетпеген археологиялық маңызы бар асыл қазыналар бар.

Біз білмейтін дерек тағы бір дерек: Жау қолынан қаза тапқан батырларымызды таудай-таудай төбешік етіп жерлеп отырған екен. Оған сенбейік десек, ілгеріде Құланқожа деген қария: «Қазақ жеріне қауын егетін Өзбек ағайындарымыздан алып келіп еккен қауын піскен соң пышақпен кессе ішінен қан аққан екен» Содан қариямыз осы жерді қадірлеп құран бағыштап отырған деседі.

Егер келіп көрсеңіз, төбесінде үлкен тастарды көресіз. Сол тастармен қала тұрғызып, жауынгерлерге шаһар ішінде қару- жарақ дайындаған.

Археологтар Қараспан қалашығынан құнды заттар, қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастарды көптеп тапқан.

- «Эко-Ордабасы» волонтерлары Қараспан қалашығының айналасын тазалап, талдарды ағартып, тұрмыстық қалдықтарды тазалау жұмыстарын жүргіздік. Табиғатымызды таза ұстау баршамызға ортақ міндет. Волонтерларға қолдау көрсеткен Қараспан ауыл округі әкімдігіне алғыс білдіреміз», - дейді «Эко-Ордабасы» экологиялық қозғалысының белсенділері.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер