Кәсіп ашып, кәсібінің нәсібін көремін деген азаматтарға мүмкіндік көп. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Сондай жобалардың бірі «Бастау Бизнес» жобасы.
Осы жоба негізінде, Шұбарсу ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Першеева 2020 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы "Тігін шеберханасын ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу курсынан өтіп, сертификат алған.
Ол Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік грант алуға өтінім беріп, бизнес жобасын комиссия отырысында қорғап шыққан. Бүгінде кәсіпкер 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
- 2021 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығынан мемлекеттік грантқа қатысуға құжат өткіздім. Орталықтағы қызметкерлер бизнес жобамды қорғауға комиссия отырысына шақырды. Бизнес жобамның атауы тігін цехы. Қорғаған жобам мақұлданып 583 мың көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Тігін цехыма керекті машинкалар мен құрал жабдықтарымды алып кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Жұмыссыз жүрген барша азаматтарға өз кәсібін ашып мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақыруға кеңес беремін - дейді Айнұр Першеева.