Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп атап, қарттарға деген құрмет бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екенін ескерткен болатын. Расында, қарты бар елдің - қазынасы бар демекші қариясын сыйлап, құрметтеген ел қашан да озық болмақ.
Осы негізде, Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған "Qolgalike" волонтерлары қарт әженің үй шаруаларына көмектесті.
Аудандағы ерікті жастардан құралған топ апаның үйіне арнайы барып үй ішін жинады. Қат-қабат болып жатқан жұмыстарын атқарды. Даланы сыпырып, шатырды тазалады. Пеш мұржасын тазалап қыс мезгіліне дайындықты пысықтады. Бұған дән риза болған апа жастарға батасын берді. Батамен ел көгереді демекші, алдағы уақытта мұндай қайырымды істер көп бола береді
Расында, қариясын құрметтеген елдің болашағы жарқын. Себебі, қарт жүрген жер береке. Қарияларды құрметтейік. Бұл біздің өткенге жасаған үлкен тағзымымыз және ұрпақ ретіндегі парызымыз.