Мал бордақылау кәсібі өрістеуде

Еңбек ептілікті қажет етеді. Расында еңбек еткен адамның алар несібесі де молынан болмақ. Әсіресе ауыл шаруашылығының әрбір саласын қолға алған азамат үшін де үлкен мүмкіндік. 

image.png

Осы негізде, Ордабасы ауданы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, халықты жұмыспен қамту мақсатында үй іргелік жерлерге жылыжай шаруашылықтарын салу және шағын мал бордақылау алаңдарын дамыту мақсатында көшпелі семинар кеңес өтті. 

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға облыстық ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері, 10 ауылдық округ әкімдері мен диқандар қатысты. 

Семинар қатысушылары Қараспан ауылдық округіндегі «Сауленбаев Н» мал бордақылау алаңы, ЖК «Алтыбаев Ж» егістік алаңы, «Әбдіхалық А» ЖК үй іргелік жылыжай алаңының тәжірибесімен танысты. 

«Сауленбаев Н» мал бордақылау алаңына барған қонақтар ауыл іргесінен салынған шағын шаруашылық алаңының тыныс-тіршілігін көріп, өздеріне қажетті мағұлмат алды. Бүгінде 100 басқа жуық жылқы тұқымын асыраумен айналысатын қожалық жақын күндері нарыққа жылқы етін шығаруды көздеп отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер