Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жастар арасында «Білімділер бәйгесі»атты зияткерлік сайысы болып өтті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Үш кезеңге созылған сайыста жастар екі топқа бөлініп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, сан алуан сұрақтарға жауап берді. Зияткерлерді әділ қазылар қадағалап, бағалап отырды.
Сайыстың соңында, зияткер қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды.
Бүгінде кез келген қоғамның жаңашыл дамуы мен оның зияткерлік әлеуеті арасында тікелей байланыс бар. Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «зияткерлік әлеует», «зияткерлік ресурс» түсінігі мемлекетіміздің стратегиялық дамуының бір бөлшегі болды. Н.Ә.Назарбаев жастарға еліміздің бүкіләлемдік қоғамда бәсекеге қабілетті мемлекет болуы әрбір қазақстандықтың білімі мен ақыл-зерде, парасат дәрежесіне бай¬ланысты екенін айтып келеді.
-Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру, халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар қажет,-деді ол.
Н.Ә.Назарбаев өзінің кітаптарында мемлекет құрылымындағы істе қоғамның әрбір мүшесінің рөлі туралы, еліміздің әлеуеттік дамуында әрбір тұлғаның маңыздылығы жөнінде жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында, үндеулерінде, кездесулерінде қайталап отырады.