Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін қоса атқарушы Д. Акатов Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан мектептердің жылу маусымына дайындық барысына қадағалау жүргізу мақсатында, мектептердің жай-күйімен танысып, мектеп басшыларының жылу маусымына дайындық бойынша атқарып жатқан жұмыстарына бақылау жүргізді. Онда белгілі болған кемшіліктер бойынша атқарылуы керек жұмыстар барысы бойынша пікірлерін тыңдап, тиісті жұмыстар жүрзілетіндігін айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да басқа елді мекендерде іссапар жалғасын табатын болады.
Жалпы, Сарыағаш ауданында бүгінде барлығы 80 мектеп бар. Оның 66–ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 2020 жылы 5 мектептің құрылысы басталған, бұл құрылыс нысандарының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2021 жылдың 8 айында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 219 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақша – 16 және жекеменшік балабақша – 203. Мектепке дейінгі мекемелерде 25574 бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 98,7 пайызды құрап отыр.