«Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмек берілді

17.jpg

Биылдың сегіз айында Сарыағаш ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасына 4804 адам қатысты. Атаулы әлеуметтік көмек 3464 отбасыға тағайындалды. Жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады.

-«Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен 91 отбасыға 3208,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 3268 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыға дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардан тұратын аптечкалар үлестірілді,-деді жуырда Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде. 

Аудан бойынша 2021 жылдың 8 айында тіркелген жалпы қылмыстар саны – 570. Қылмыс саны 2020 жылмен салыстырғанда                    35-ке өскен. Қылмыстың ашылуы 84,7 пайызды құрайды

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, ауданымыздың көркеюі мен жандануына өздеріңізбен бірлесе, бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз деп ойлаймын. Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын. Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз. Өздеріңізбен ақылдаса отырып, нақты жоспар жасап, соны жүзеге асырып жатырмыз. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек ете берейік!-деді аудан басшысы өзінің баяндамасында. 

Халық қалаулылары әкімнің атқарған жұмыстарына оң баға берді.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер