Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №32 Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың және құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыбында ашық есік күні болып өтті.
Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықты болдырмау және қылмыстық істердің салдарын терең ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күні барысында 1-сабақта 11 сынып оқушылары флешмоб биін билесе, 2-сабақта 7 «а», 8«а»,9«б», 10 «а», 10 «б» сынып оқушыларына тәрбие сағаттары, тренинг, қыздармен жұмыс, эстафеталық сайыс, ата-аналармен коучинг өткізілді. Ал 3-сабақта өткізілген сабақтар бойынша кері байланыс жасалды.
Сабақ соңында ұстаздар тарапынан ұсыныстар айтылып, пікір алмасты.
Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар тәрбиесіне баса мән беруге шақырғаны белгілі. Президент:
- Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн. Өкінішке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткісі келеді. Олардың лоте¬реяға, бәс тігуге және букмекер агенттік¬теріне жаппай әуестігінің себебі осында,-деп атап өтті.