Экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы негізгі рөлді атқарады

Screenshot_17.jpg

Ауыл шаруашылығы экономиканы дамытуда негізгі рөл атқаратын сала. Аргентина, Австралия секілді мемлекеттер ауыл шаруашылығы арқылы экономикасын гүлдендіріп отыр.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3 каналдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Каналдардың жөндеу жұмысын қадағалаған қала басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасына және бетондаудың технологиялық талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. 

Сонымен бірге нысан құрылысын мерзімінде аяқтауда жұмыс күшін арттыруды тапсырды. Каналдар қалаға су жеткізудің негізгі артериялары болып табылады. Оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Күрделі жөндеу жұмыстарың жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артады. 

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал. Алдағы 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер