Ордабасы ауданының орталық алаңында жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Елді мекендерден жеткізілген өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым арзан бағамен саудаланды.
Аталған жәрмеңкеге шығарылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада сатылды. Аудан орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Мәселен, жылқы еті мен тартылған еттің бағасы – 2000 теңге. Бұл баға тұрғындар үшін қолжетімді баға.
Сонымен қатар, картоп 160 тг; сәбіз 160 тг; жуа 60 тг; қияр 500-450 тг; қызанақ 350-450 тг; болгар бұрышы 130 тг; күрке тауық еті 950 тг; шұжық 1900 тг; қызылша 80 тг, баклажан 130 тг, асқабақ 70-45 тг, жүзім 380-250 тг, алма 300-450 тг, күріш 220 тг, қырыққабат 150 теңгеден сатылды.
Айта кетейік, жәрмеңке жергілікті өнімді қолдап, олардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында ұйымдастырылады. Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның төмендігі. Мұнда тұрғындар қажеттісін арзан бағаға сатып ала алады.