Европа кубогінде екі ордабасылық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында: «Олимпиададан кейін отандық спорттағы жағдайды бөлек қарастыру қажет. Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек» - екендігін атап өткен болатын.   

image.png

Президенттің Жолдауын ескере отырып, Ордабасы ауданында спорт саласына айрықша көңіл бөлінген. Сол еңбектің арқасында Словения мемлекетінде өткен жасөспірімдер арасындағы Европа кубогінде екі ордабасылық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді.  

Қос балуан қазіргі таңда Алматы қаласындағы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервынің республикалық мамандандырылған мектеп интернет колледжінің күрес бөлімінің студенті. Спортты кішкентайларынан жанына серік еткен қос балуанның жеңісі күллі қазақ даласы үшін қуаныш болмақ. Ата-бабамыз, Қажымұқан Мұңайтпасұлының жерлестері әрі ұрпақтары қазақ күресінің шебері нағыз қазақтар екенін дәлелдеді.  

Расында, Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезініп, мойындағанымыз жөн. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер