Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ордабасы ауданында онлайн форматта Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі іс шарасы ұйымдастырылды. Жәрмеңке кезінде тұрғындар өздеріне қажетті ақпараттарды алды. 

image.png

Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу болып табылады. 

Жәрмеңкеде ең бірінші болып, АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР бөлімдері бойынша тікелей эфир өттіі.  

Осыған орай жоғарыда айтылған салалар бойынша тікелей эфирге қатысушылар өздеріне қажетте  ақпараттарды алды.  

Айта кетейік, жәрмеңке Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында өткізілуде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер