Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында: «Олимпиададан кейін отандық спорттағы жағдайды бөлек қарастыру қажет. Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек» - екендігін атап өткен болатын.
Президент Жолдауында әсіресе жастар спортына ерекше ден қоюды тапсырған болатын. Бүгінде, елімізде спорт саласына айрықша көңіл бөлінуде. Сол еңбектің арқасында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округі Мақташы ауылының тумасы 21 жастағы Кудасбек Гүлзира 15-17 қазан күні Греция мемлекетінде жастар арасында өткен Самбо күресінен әлем чемпионатында 59 кг салмақта Қола медаль жеңіп көк туымызды желбіретті.
Расында, Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезініп, мойындағанымыз жөн.
Спортты жанынан серік еткен жерлесімізден алдағы уақытта тағы да үлкен жеңістер күтеміз. Іске сәт!