Жастар «Hostel evening» алау кешін ұйымдастырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету» – деп атап, жастар елдің ертеңі екенін атап, оларға қолдау білдіру керектігін айтқан болатын. 

image.png

Осы негізде, Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мен «Qolgalike» қоғамдық бірлестігінің ерікті жастары Шұбар ауылындағы №18 колледждің студенттеріне «HOSTEL EVENING» (Жатақхана кеші) атты алау (костёр) кешін өткізді. 

Студенттерге ерекше әсер қалдырған бұл кеш ұстаздар мен орталық қызметкерлерінің де студенттік шағын еске түсірді! Ауданның өнерлі жастарымен қоса колледж өнерпаздарыда өз өнерлерін көрсетті! 

Жатақхана кешінен алдын орталық қызметкерлері өз қызметтерімен студенттерді таныстырды.Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл кеште студенттермен етене танысып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқарылатыны мәлім болды.  

Расында, Жастар елдің болашағы. Ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтар осы жастардың арасынан шығары хақ. Сондықтан жастарға үнемі қолдау білдіру бүгінгі алдыңғы ағалардың парызы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер