Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде мектептерде шахмат ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтынын, «... Біз шахматты осы уақытқа дейін ойын ретінде қабылдап келдік. Шындығында шахмат - адамның ақыл – ой дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау, алдын – ала болжау, математикаға бейімделу қабілетін арттыру, нерв жүйесін қалыптастыру, компьютерге тәуелдіктен арылтуға мүмкіндік туғызады» - деген болатын.
Осы негізде, Ордабасы аудандық № 3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлескен шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Үйірменің ашылу рәсіміне облыс көлемінде зияткерлік ілімнің насихатталуына үлес қосып жүрген шахматшы, оңтүстік өңірінің белсенді БАҚ өкілі Балтабек Түйетаев, аудандық «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек қатысты. Жаңадан ашылған үйірменің жұмысына сәттілік тілеп, «Шахмат әліппесі» кітабын тарту етті.
Ашылу салтанатына орай Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шахматтан аудандық жарыс өтіп шеберлік танытып жеңген жастар мен аудан тұрғындарына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.
Зияткерлік ойымен айналысатын жастарға барлық жағдай жасалынған. Арнайы жаттығатын бөлме, шахмат тастары мен сағаттары алынған.
Шахмат үйірмесін білікті жаттықтырушы Олжас Сүлейменов және Ұлбосын Мешітбаева осы өнерге ынтық жастарды үйретуде.