Мақсат- жастар арасындағы келеңсіздіктің алдын алу

6.jpg

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласында орналасқан №4 М. Ломоносов атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. 

Кездесудің мақсаты жастар арасындағы келеңсіз жағдайлардың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың орын алуына жол бермеу. 

Кездесуге Сарыағаш  аудандық ювеналды полиция  инспекторы, полиция капитаны Н.Ботақұлов , Сарыағаш қаласы әкімдігінің жастар маманы Ш.Зиябеков , «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Н.Исабаев, психологы А.Көшкінбай қатысты.

Кездесуде жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру арқылы өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретті.

Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады.  Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне — жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Осы орайlа жастарды құқықбұзушылықтан сақтандырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп отырудың маңызы зор. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер