Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі Ә. Марғұлан атындағы №58 жалпы орта мектебінде этнос жастары арасында достық қарым-қатынасты және ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Кездесуге Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММнің Сарыағаш аудандық филиалының басшысы С. Кибраев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің заңгері Н. Исабаев, психолог А.Көшкінбай, Қазақстан Республикасы Түркістан облыстық «Гарабах» әзербайджан этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің Сарыағаш аудандық филиялының төрағасы М. Давлетов қатысты.
Кездесуде N58.Ә. Марғұлан мектебінің оқушысы Раван-Нахчивани Мухаммад-Али баяндама оқып, жастар өз ойларын айтты.
Айта кетері, 18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл дата Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.
Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.