Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №35 «Болашақ» жалпы білім беретін мектебінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына арнап "Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Семинарға Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Бердіхан және мектеп директоры Н.Асабаев қатысып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы тоқталды.
Мектептің дефектологы А.Нуралиева "Ата-ана мен бала арасындағы байланыс» тақырыбында баяндама, педагог-психолог М.Шералиева" «Түсінемін-Сеземін-Қолдаймын» тақырыбында тренинг, логопед Г.Рысбай "Бала тілінің дамуына ата-ананың ықпалы" тақырыбында шебер сынып, әлеуметтік педагог З.Ешанкулова "Аялы алақан" акциясын ұйымдастырып, балаларға сыйлықтарын табыстады. Семинар соңында педагог-психолог Р.Блашева сергіту сәтімен аяқтады. Ата-аналар мамандарға ризашылықтарын және жылы лебіздерін білдірді.