«Chaudhary Group (CG Global)» компаниясы Түркістан облысында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын, қонақ үйлер салып, инфрақұрылым жүйелерін тартпақ. Жобаны жүзеге асыру үшін Испания немесе Швейцариядан тәжірибелі мамандарды тартуды көздеп отыр.
Үнді елі компаниясының өкілдері мұндай ниетін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевпен Алматы қаласында кездесуінде білдірген. «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари және атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездесуінде М.Мырзалиев Түркістан облысындағы бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен қазіргі тұрмыс-тіршілігі жайында толыққанды ақпарат берді. Айта кетелік, негізі өткен ғасырда қаланған «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салуға қатысты іргелі жобалар жасалып, алғышарттар жасалынғанымен құрылысы тоқтап тұрған болатын.
шетелдік комнапия өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келмек. Сол кезде олар Қазығұрт ауданының индустриалды аймағында болып, ондағы тез дайындалатын кеспе өндірісі бойынша зауыт құрылысының барысымен танысады. Айта кетейік, зауыт 2019 жылдың 1 шілдесінде толық іске қосылады деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны 15 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндірілген кеспе өнімдері Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты көршілес елдерге экспорттау көзделуде.