Келесте еліміздегі ең ірі жылыжай салынбақ

Screenshot_29.jpg

Түркістан облысы Келес ауданында 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынбақ. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. 

Сондай-ақ Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайтын күн электр стансасы салынады. Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жасалды. Жобаның жалпы құны – 150 млн. АҚШ доллары. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланады. Жоба 2019-2021 жылдары іске асырылмақ. Қол қойылған құжаттың тағы бірі - Кентау қаласында қуаттылығы 200 мвт жел және күн электр стансасын салу жөнінде. Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және «Kazakhstan CHN-KZ electric industrial park group» қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум негізінде іске асырылатын жобаның жалпы құны - 225 млрд. АҚШ доллары. Электр стансасы Кентау қаласының Қотырбұлақ елді мекенінде орналасатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер