Арыстың әлеуетімен танысты

Screenshot_10.jpg

Таяуда БАҚ өкілдері Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыс жағдайымен танысып қайтты. Іссапар барысы қалаға қарасты Ақдала ауылдық округіндегі сүт өндірумен айналысатын «Қазына жер LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастау алды. Маусымында 3 өнім алуды жоспарлап отырған (орамжапырақ, қияр және жүгері) «Қанағат» өндірістік кооперативінің егістік алқабында болды. 

Сонымен қатар Арыс қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен, қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, аяқжолдар салу және кәріз құбырларын тарту жұмыстарының барысымен, «Көктем-2» мөлтек ауданындағы 3 қабатты 36 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы барысымен, сондай-ақ күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін «KazGreеnTekSolar» ЖШС-ның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Еліміздегі маңызды саяси науқан, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын бойынша атқарылып отырған жұмыстармен танысу мақсатында, қаладағы сайлау учаскелерінде болды. Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Арыстың әлеуетімен танысты