Іздегенге жұмыс көп

Screenshot_14.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Шараға Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев және Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарынан 60-қа жуық делегат қатысты. Аталған делегацияның құрамында солтүстік өңірлердегі басқарма басшылары мен аудан әкімдері және бірқатар шаруа қожалық төрағалары бар. Жәрмеңкенің мақсаты - халқы тығыз еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көші-қон ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамту. Аталған маңызды бастаманың жоғары денгейде ұйымдастырылуына Түркістан облысының әкімдігі ұйытқы болды.

Жәрменкеде сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлы өз кәсібін ашам деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, саудаға бейім азаматтарға сауда жасауға, отбасындағы кішкентай бүлдіршіндерін бала-бақшамен, мектеп жасындағы балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалып отырғанына тоқталды.

Жетісай қаласында өткен өңірарлық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келушілер аз болған жоқ. Яғни, Солтүстік облыстарға көшуге ниет танытқан азаматтар жәрмеңке барысында жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесіп, бос жұмыс орындары туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

Жәрмеңке барысында сөз алған делегаттар еңбекпен қамту, Солтүстік өңірлерді түлету жобасына қолдау көрсетіп, барамын деушілерді алдын ала аймақтың мүмкіндігімен таныстырды. Айта кету керек, солтүстікке аттанған азаматтар келісім-шарт бойынша 5 жыл жұмыс істеуі қажет.

Ал, кездесу соңында делегация мүшелері тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жастарға «Серпін» бағдарламасы бойынша Солтүстік облыстарда білім алу барысы да жан-жақты түсіндірілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер