Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда. Қала әкімі Рашид Аюпов қазандықта болып, қаланы 2019-2020 жылдарғы жылыту маусымына дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
№2 қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 418,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңға жөндеу жұмыстарының 60% орындалған. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігі хабарлады.
Орталық жылу қазандығын қатты отынмен қамтамасыз ету үшін «Самғау Жасқанат» ЖШС-мен келісім шарт түзілді.
Орталық жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру бойынша: да жұмыстар жүргізілуде. «Жылу» МКК-де қатты отыннан табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандық орнатуға ЖСҚ дайындауға, жергілікті бюджеттен 4889,0 мың теңге бөлінген конкурс жарияланған болатын. Мердігер «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз атанып, ЖСҚ дайындалып сараптамаға жіберілді.
Отырар мөлтек ауданындағы жаңадан салынған 26 көпқабатты тұрғын үйді жылыту үшін № 3 қазандық құрылысы аяқталып, сұйытылған және табиғи газ құрылғысы орнатылған.
Жалпы, үйлер мен ғимараттарды қысқа дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.