Баласының арманын орындаған әке

68754969_2145303795769921_4693724210223120384_n.jpg

Облыста өкімет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмекпен кәсіп ашып, отбасының табысын молайтып отырғандар да бар.

Көпбалалы әке Әбдірахман Абденов балаларына берілген атаулы әлеуметтік көмекке 10 аналық күрке тауық, 120 шөжегімен, 15 қазы алған.

-Екі ай болды алғанымызға. Кішкентай балам армандап жүретін, есік алдымыз тауық, қаз баққанға жайлы жер болғандықтан соларды бақсам ғой дейтін. Сол арманды орындауға мүмкіндік берген өкіметке  алғысымыз шексіз, -дейді әке.

Жұбайы бала санына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде үйшаруасындағы ана. Ал Әбдірахман әкей табыс көзі аз болғандықтан отбасылық шаруашылықты дамытуды қолға алған. Күрке тауықтарды бағуға балалары қолғабыс болып отыр. Алдағы уақытта берілетін қаржыға тауықтың санын көбейтіп, қора-жай салсам дейді. "Тауыққа азаннан тамақ бере бастаймыз. Күндігіне 4-5 келі жем жейді. Өскен сайын көп сұрай бастайды. Күндігіне 3 мезгіл тамақтандырамыз." - деген 5 балалы әке болашақта тауықтың жұмыртқаларын сатуды көздеп отыр.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер