Болашаққа үміт

 

68246550_976246259433758_3407413193339830272_n.jpg

-Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Тұңғыш Елбасының жастарды қолдауға қатысты айтылған ойларының көрінісі биылғы жылдың Жастар жылы болып бекітілуіне негіз болды.
Осы тұрғыда, биылғы 2019 жыл - Жастар жылы аясында, 9 тамыз күні Шардара қаласының «Тұңғыш Президент» саябағында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне арналған «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты мерекелік кеш өткізілді
,-деп хабарлады Шардара аудандық Жастар орталығы.
Іс-шараны Шардара қаласының әкімі Е.Бекет ашып, ауданның белсенді бір топ жастарын аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік кеште ұйымдастырылған ляңгі, «Жеті би», гір көтеру, «Ішкі түйсік» сыңды спорт және өнер жарыстарына белсене қатысқан жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ұйымдастырылған шара көрермендерді жақсы көңіл-күймен және жағымды эмоциялармен қуаттап, мерекелік өт шашумен өз мәресіне жетті.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Болашаққа үміт