Жүлделердің жартысы мақтааралдықтарда

67796905_451361908750596_4777941170208636928_o.jpg

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы шығармашылық сайыстың жеңімпаздарды анықталып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған облыстық сайыста барлығы 6 қатысушы жеңімпаз атанса, жүлденің тең жартысын мақтааралдық мемлекеттік қызметшілер қанжығасына байлапты.

Аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков шығармашылық сайыстан жүлдемен оралған мемлекеттік қызметшілерді арнайы марапаттады. Аудан басшысы жүлдегерлерге Департаменттің дипломын табыстап, өзінің жылы лебізін жеткізді.

"Мемлекеттік қызметшілердің шығармашылықпен айналысқаны - өздерін жан-жақты дамытқаны. Сондай-ақ, шығармашылық - адамның есте сақтау мен ойлау қабілетін жоғарылатады. Сондықтан, мақтааралдық мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық сайыстан жүлделі орындардан көрінуі - біздің ауданымыз үшін үлкен қуаныш!" - деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық шығармашылық сайыста Бақберген Дамирұлы, Нұрдәулет Мұқанәліұлы, Сәкен Беласарұлы І орынды, Мадияр Асанұлы ІІІ орынды алғаны үшін және Ырысбек Қошқарұлы белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Осылайша Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері өздерін жаңа қырынан таныта білді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер