Кентаулық ұстаз президенттің қолынан медаль алды

1908161400434213f.jpg

 

Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады.

-Бүгінгі жиынның маңызды бөлігіне көшейік. Біздің арамызда еліміздің білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдері отыр. Өз ісін адал атқарып жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттағым келеді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білімді дамытудағы еңбегі және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденімен Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі физика пәнінің мұғалімі Анатолий Белиданы, Алматы облысы, Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 жалпы орта білім беру мектебі тарих пәнінің мұғалімі Гүлнәр Кәзербаеваны, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Түркістан облысы, Кентау қаласы Ахмад Югнаки атындағы жалпы орта білім беру мектебі математика пәні мұғалімі Дәнегүл Қуатбекті, Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзихан Тасқаринаны, «Шапағат» медалімен Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі Екатерина Непрукты марапаттады.



 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер