Бәйдібекте әлеуметтік нысандар салынуда


 3d5897557042b53791e9922c6f25e006.jpg

     

 Бәйдібек ауданында соңғы жылдары әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауданның бірнеше елдімекеніне «көгілдір отын» кіргізілді. Ауыз су мәселесі де оңды шешімін тауып келеді.


          2019 жылы аудан көлемінде пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы көлемі 12 400 шаршы метр болса, бірінші жартыжылдықта жоспар 6981 шаршы метрге орындалған. Яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 101 пайызды құрайды.


      Аудан көлемінде «Қосбұлақ» мектебінің жаңа ғимараты, «Домалақ ана» мектебінің қосымша жайының құрылысы, жалпы 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Аталған екі нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі. Ал Ағыбет ауылдық округіндегі «Жаңаталап» негізгі орта мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа оқу жылы пайдалануға берілді.  Шаян ауылындағы мәдениет үйіне жапсарлас ғимаратының құрылысы жүргізілуде.


Сондай-ақ ауданда 8 медициналық тірек пункті салынуда. Одан бөлек Майбұлақ және Жарықбас елді мекендерінен типтік үлгідегі дәрігерлік амбулаториялардың құрылысын жүргізу бойынша сәулет-жоспарлау құжаттамалары әзірленуде. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары 2020 жылға қарай жоспарлануда. 


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер