Бәйдібектің ауылдарына газ келді

k-gildir-otyn-900x_.jpg

 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының бірнеше елді мекеніне газ кіргізілді.   Алдағы күндері ауданның тағы бірнеше ауылдарына «көгілдір отын» келеді.

 2017-2018 жылдары ауданда 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы бөлінген болатын. Екпінді, Шалдар-Бекбау, Сарқырама, Жамбыл, Тасқұдық, Шыбыт елді мекендеріне 2019 жылдың маусым айында №18 Шалдар АГТС-нан табиғи газ берілді. Ақбастау елді мекенін табиғи газға қосу бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Ал, Боралдай ауылдық округіне қарасты елді мекендер табиғи газды Сайрам ауданындағы Көмешбұлақ елді мекенінен салынып жатқан автоматтандырылған газ тарату станциясы пайдалануға берілгеннен кейін алатын болады. Алдыңғы жылдары 14 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау - сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.   Биыл 7 елді мекенді газдандыруға облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

      Қалған 7 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, 3 елді мекенге мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы облыстық салалық басқармадан сұралуда. Қалған 4 елді мекеннің жобалау сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер