Бәйдібекте мал бордақылау алаңдары ашылды


 20180123220138.jpg

   Бәйдібек ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың біріні саналады.  Әсіресе өңірде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде ауданда  кейінгі жылдары мал тұқымын асылдандыру, мал бордақылау бағыттарында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

  Жалпы биыл аудандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі  5 млрд. 913 млн. теңгені құрады. Ал, мал шаруашылығынан түскен өнім көлемі 5 млрд. 826 млн. теңге болса, өсімдік шаруашылығы 86 млн. теңгенің өнімін өндірген. Аудан тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысатындықтан өз қаржылары есебінен және қаржы институттарынан несие алып, 20  шағын мал бордақылау алаңдарын ашқан. Бұдан бөлек, ауданның 14 шаруашылығы қаржы институттарынан 485 млн. теңге несие алып, шет мемлекеттерден 1059 ірі қара мал сатып алған.

      Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бағдарламалары да  нәтижелі жүзеге асырылуда. Ал  «Ауданның 2018-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін  дамыту» бағдарламасына сәйкес, аудандағы егістік жерді игеру жоспары 91 мың гектар болса, нақты 93 мың гектар игерілген.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер