Сарыағашта 68 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген


 5c71013eee56b.jpg

Биыл Сарыағаш ауданы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6794 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 8 айда 3023 адам жұмыспен қамтылған. Яғни 8 айдың жоспары 100%-ға, жылдық жоспар 44,5 пайызға орындалып отыр. Бағдарламаға  қатысқан 2731 азаматтың 2544-і ауыл тұрғындары. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметтері бойынша, биыл 2643 азаматты нәтижесіз жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бергі 8 айда 1134 азамат қамтылып, жылдық жоспар 42.9  пайызға орындалды. Сондай-ақ, биыл жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік лицейлердің 400 түлектеріне жастар практикасынан өту үшін республикалық бюджеттен 94,688 мың теңге қаржы бөлінген. Сегіз айда оның 90,615 мың теңгесі игерілді. Жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген 81 жұмыс берушіге 8 ай мерзімге 406 азамат жолданып, осы жылдың 8 айлық жоспары 100 пайызға, жылдық жоспары 101,5%-ға орындалып отыр. Жұмыс іздеп, солтүстікке қоныс аударуға биыл 68 отбасы ниет білдірген. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарының саны арта түсері анық. Олай дейтініміз, аудан әкімі қызметіне жуырда тағайындалған Мұхит Отаршиевтің басшылығымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 жоба, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша - 12, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша - 10, «Балапан» бағдарламасы бойынша 14 жоба жүзеге асырылады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер