Атаулы әлеуметтік көмек арқылы өз кәсібін ашуда

95e1823b7538c652f71ffb1a05104a02.jpg

 

Мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмек арқылы өз кәсібін ашып, тұрақты табыс тауып жатқан отюбасылар аз емес. мәселен сарыағаш ауданы Қабланбек елді мекенінің тұрғыны Зухра Гусейноваға АӘК-тің шартты түріне 12 айға 1 139 760 теңге қаржы тағайындалып, оның 338 114 теңгесі берілген. Алты баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті ана осы қаржының белгілі бір бөлігіне күрке тауық және қаздар сатып алып, құс шаруашылығымен айналысуда. Ал  3 баласы бар, күйеуі жалдамалы жұмыс істейтін Сарыағаш қаласының тұрғыны Айткүл Искакова атаулы әлеуметтік көмек бойынша алған қаржыға «Дәулет» сауда орталығынан орын алып, тамаққа қосатын 46 түрлі қоспаларды сатумен айналысуда. Оған АӘК-тің шартты түріне 12 айға 768 372 теңге қаржы тағайындалған. Айына 64031 теңгеден төлеу жоспарланып, 3 айға 173 757 қаржы біріліпті.

-Көпбалалы аналарды жұмыспен қамту мәселесі де басты назарымызда. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3604 ананың отбасындағы еңбекке жарамды, бірақ жұмыссыз жүрген 5408-ін жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған. Биылдың 8 айында 594 көпбалалы ана бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды», - дейді халықты жұмыспен қамту орталығының басшылары.

Ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу күн тәртібінен түскен емес. Мысалы, мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында биылғы 8 айда  1298 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 168 жаңа жұмыс орны Жұмыспен қамту орталығы, ал 1130-ы  салалық бағдарламалар арқылы  ашылып отыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер