Темірланға газ келді

70663082_522956308452657_8137387511656742912_o.jpg


Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


 Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы темірландықтарды қуанышымен құттықтап, алдағы уақытта аудан толығымен газбен қамтамасыз етілетінін айтты. Аудандық, Қажымұқан ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Әбдіқайымұлы мен І.Жүсіп газ жүйесін кіргізуге атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Бұдан соң аудан басшысы Жақсылық Ергешовтың отбасында болып, газға оттық жақты. Бүгінге дейін көгілдір отынды аудан халқының 8,2 пайызы ғана тұтынып келген. 5 елді мекеннің тұрғындары атап айтсақ, Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Теспе, Ықыластемір елді мекендері және Бадам ауылының бір бөлігі кәсіпкерлер есебінен табиғи газбен қамтылған болатын. Енді темірландықтардың көкейіндегі ең күрмеулі мәселе шешімін тауып, газ құбыры пайдалануға берілді. Темірлан ауылында 4722 абонент табиғи газ құбырына қосылуға мүмкіндік алды. Бұл аудан тұрғындарының 18,5 пайызы. Қажымұқан ауылы табиғи газ жүйесінің құрлыс-монтаж жұмыстарына 2019 жылға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 10,5 шақырым газ құбыры орнатылған.

2023-жылға дейін Ордабасы ауданын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар атқарылуда.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер