Сайрам: Табиғат көркі - ағаш

image.png

Сайрамдық кәсіпкер 1,70 гектар жер телімін ағаш көшеттерін жетілдіру кәсібіне арнаған. Кәсіпкердің бастамасымен танысу үшін арнайы аудан әкімі барды. Ағаш — табиғаттың ерекше жаратылған бір көркі. Кәсіптің бұл түрімен айналысқан ағайындылар оның өте тиімді, ұтымды екенін айтады.

Бүгінде ағайынды Хасан, Хусан Расулметовтер жеміс ағашының 15 түрінен 6 мыңға жуық көшетті отырғызған. Сонымен қатар, декоративті ағаштардың да 7 түрінен 5 мыңнан асатын ағаштар да бірден көзге түседі.

Шаруаның айтуынша, әр көшет 2-3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейінгі бағада сатылады. Расулметовтер отбасысы бұл шаруаны ата кәсібіне айналдырып, көшет өндірудің қыр-сырын әбден меңгерген.

Ауданда отбасылық кәсіппен түрлі салада табысқа кенеліп отырғандар аз емес. Соның тағы бірі - ескі көліктерді қайта қалыптап, тіпті қуатын бұрынғысынан арттырып қайта құратын Ахматали Хидировтың шеберлер ұстаханасы.

А.Хидиров үйінің ауласынан шағын автокөлік жөндеу орнын ашқан. Ал манкенттік Тахир Рустамбековтің жанұясы мал шаруашылығын дамытып, сүт өнімдерін өндіруге әбден машықтанған.

Манкенттегі еңбексүйгіш, әулетті ғана емес, дәулетті де отбасылар осылай шағын кәсіптен табыс тауып, сәулетті өмір сүруде.

Іс-сапар барысында аудан әкімі Манкент ауылдық округіне қарасты Сайрам көшесіндегі ауыз су мәселесінің шешімін тапқанына көз жеткізіп, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Әбдіқадыров көшесінің жаңақұрылыс аумағына газ құбырларын тарту жұмыстарымен танысып қайтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер