Сайрам: Инвестициялық жобаларды іске асыруға барлығы 4,5 млрд теңге жоспарланған

ИГІЛІГІ МОЛ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР » Ақмешіт апталығы

Инвестиция біздің экономикамызға таңсық термин емес. Сайрамда биылғы жылдың бастапқы 6 айында болашаққа бағдарланған инвестициялық жобалар үшін біраз қаражат бюджет тарапынан игерілген. Инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді қаржыландыру жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп ­тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталған.

Аудан бойынша биылғы жылы әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық мақсаттағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға барлығы 4,5 млрд теңге жоспарланған. 

Оның ішінде:

1,7 млрд.теңгеге 2 жаңа мектеп құрылысы мен  5 мектепке қосымша жаңа оқу корпустарының құрылыстары жүргізілуде, оның 1-уі маусымда пайдалануға тапсырылса, 4-уін биылғы жаңа оқу жылына тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 2 нысан 2021 жылға өтпелі. 

Экономика дамымай, әлеуметтік мәсе­лелердің оң шешімін таба қоюы қиын. Бұл – жұртшылыққа қашаннан белгілі жайт. Ал қаржы экономиканы дамытудың негізгі тетігі екенін облыста атқарылған көп шаруа ай­қын көрсеткендей. Қаржы көз­­дерінің көрсеткіштеріне қарап отыр­сақ, бұрнағы жылдарға қарағанда инвес­тициялық қаржының өсімі анық бай­қалады.

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында белгілі бір мақсаттық сипаттарға әр түрлі инвестициялық қорларды құру ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Аудан осы белгіленген табыс көзі нақты салаларға инвестиция жасауды басты назарға алып отыр деуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер