Сайрам: Темір шеберінің жұмысы ауданға үлгі

Қадір Ғани: спортшы және темір ұстасы / Колледж / EDU - Қазақстандағы  білімнің қарапайым қағидалары

Сайрамда кәсіптің кез келген түрінен мамандар жетерлік. Тіпті темір ұсталары да бүгінде темір еңдеуден шебер десек қателеспейміз. Ауданда темірмен шұғылданатын арнайы цехтер де жетерлік.

Мәселен, ауданға қарасты Қарабұлақ ауылдық округінің өзінде 23 темір өңдеу цехы жұмыс істейді. Мұндағы темірден түйін түйетін шеберлер кез келген тапсырысыңызды қабылдап, қалауыңыздағы дүниені жасап береді. Қақпа, тапшан, баспалдақтың жақтауы, өрнекті қоршау дейсіз бе? Бәрі бар. Темірден 150-ден аса бұйым түрін шығарады. 

Әли Ахмановтың негізгі мамандығы – дәнекерлеуші. Қарабұлақ ауылында орналасқан Дінмұхаммед Қонаев атындағы колледждің түлегі. Осында тәжірибеден өтуге келіп, жұмысқа қабылданған. Қазір темір құбырларды арнайы құрылғының көмегімен қыздырып, неше түрлі үлгіге келтіруде. Жас жігіт өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысады. 

Әли Ахманов, цех жұмысшысы: 

40-тық құбырлардан ою-өрнектер жасаймыз. Осыларды дәнекерлеушілерге дайындап, шығарып береміз. Мынау дайын қазықтар. Осыларды баспалдақтарға, үстелдерге арнап шығарамыз. Күнде осы қазықтардың 25-30 данасын шығарамыз. Жұмыс жақсы, өзіме ыңғайлы. Айлығым жақсы. 

Темір бұйымдарын шығаратын бұл цехта алғашында барлығы қолмен атқарылған. Кәсіпкер қолының икемі бар 3-4 жігіттің басын қосып, кәсібін ашқан. Онға жуық темір бұйымдардың түрін шығарыпты. Қазір жұмыс жанданып, барлығы құрылғылардың көмегіне көшкен. Адам саны да 20-ға жақындаған. 150-ден аса бұйым түрі шығарылады. Жұмысшылардың көбі Әли сияқты колледж бітіріп келген жас мамандар. Осында келіп, тәжірибе жинақтап, темір өңдеудің қыр-сырын үйренген. Олардың әрқайсысының өз міндеті, атқаратын шаруасы бар. Тапсырысқа қарай әрекет етеді. 

Нұрәлі Базартаев, цех меңгерушісі: 

- Суреті болса болды. Қалғанын өзіміз жасаймыз. Тапсырыс берушінің талабына орай қандай ою түрі керек. Соған орай қиялымызды қосып, ұнағанын жасап береміз. Ою шығаратын құрылғылар бар, соларға қарап істейді. Қазір цехты үлкендетіп, үлкейтуге әрекет жасап жатырмыз. 

Кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарды Қытайдан алдырған. Темірден түйін түйетін шеберлерді шетелге жіберіп, оқытып отырады. Көбіне темірге шығыс халықтарының ою үлгілерін қолданады. 

«Себебі Иран, тәжік, өзбек және қазақ халқының өрнектеріне сұраныс көп», - дейді. Жалпы Сайрам ауданында темір бұйымдарын өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған. Бір ғана Қарабұлақ ауыл округінің өзінде 23 темір өңдейтін цех жұмыс істейді. 

Мамыржан Шадиев, Қарабұлақ ауыл округінің әкімі: 

- Баяғы өзіміздің ұлттық дәстүрімізді қолдай отырып, көкпар шабатын аттардың иелеріне темірден әбзел жасайтын цехтарымыз бар. Одан бөлек, тапшан, төсек, қақпа, есік-терезе істейтіндер де бар. Жалпы алғанда кәсіпкерлік Қарабұлақ ауыл округінде қарқынды дамып келеді. Бізде жұмыссыз азаматар жоқ есебі. Себебі, халық өте еңбекқор, бұл адамдарға біз кедергі келтірмесек болды, халық өзі жұмыс тауып істейді.

 Айта кетейік, Қарабұлақ ауыл округінде 400-ден астам кәсіпкерлік нысан бар. Онда 30 мыңға жуық ауыл тұрғыны еңбек етеді. Биылдың өзінде 30-дан аса ауыл тұрғыны несие алып, өз кәсібін ашқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер