Бәйдібек: 52 азаматқа мемлекеттік грант бөлінді

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тауып беруге  көмектеседі

Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. "Аш адамға балық берме, қармақ бер" демекші мемлекеттің көмегімен біраз азаматтар қайтарымсыз қаражатқа ие болып, өздерін жұмыспен қамтып отырған жайы бар.

Бәйдібек ауданында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 52 (жоспар 109 азамат) азаматқа мемлекеттік грант беріліп, жоспар 47,7 пайызға орындалды. 14 (жоспар 55 азамат) азаматқа микрокредит беріліп, жоспар 25,5 пайызға орындалды.

Жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес 16 кәсіпорын мен шаруашылық субьектілермен  келісім шарттар түзіліп 65 (жоспар 50 азамат) адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, жоспар 130 пайызға орындалды.

Жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес 47 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға және кәсіпкерлік субьектілермен келісім шарттар түзіліп  109 (жоспар 200 азамат) азамат жастар тағылымдамасынан өтуге жолданып, жоспар 54,5 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджет есебінен 482 (жоспар 850 азамат) азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданып, жоспар 56,7 пайызға орындалды.

Жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес 419 (жоспар 997 азамат) азамат  тұрақты және уақытша жұмысқа жолданып, жоспар 42 пайызға орындалды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде жұмысқа 56 (жоспар 51 азамат) азамат жолданып, жоспар 109,8 пайызға орындалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер