Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мəдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Адамға оқып-үйрену ең алдымен өмір сүру үшін қажет». Дәл осы қағидамен Бәйдібек ауданы білім ордалары сапалы білім беру мақсатында еңбек етеді. 2020 жылғ мектеп бітірушілерінің көрсеткіштері сонң нәтижесі.
Ағымдағы жылы ҰБТ-ге мектеп бітіруші 553 оқушының 496-ы (89,6%) тестке өтініш берген болса, оның ішінде 481 (86,9%) (2019 жылы 77,5% қатысты) бітіруші түлектер қатысып, аудан бойынша орташа балл 65,7-ні құрады (2019 жылы 70,4 көрсеткіштен 4,7 балға төмен).
Ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектердің 27-сі (5,4%) «Алтын белгі» төсбелгісіне (2019 жылы 34 оқушы (5,5%)), 20 (4%) оқушы «Үздік аттестатқа» (2019 жылы 12 оқушы (2,5%)) және негізгі орта білімді аяқтаған 62 (5,8%) оқушы «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер ретінде тіркеліп, білімдерінің қорытындысымен аттесттаттары табысталды.
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына «міндетті оқу қорынан» қаралған қаржы 2019 жылмен салыстырғанда 2,4% артып, 162 млн 580 мың теңгені құрады.
2020 жылы аудандағы 49 білім мекемесінің 43-інде (95,9%) білім алатын 11945 баланың асханадан тамақтануына жағдай жасалып, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мемлекет есебінен 89 млн 785 мың теңге қаржыға 1755 бала (14,1%) бір мезгіл тегін байытылған ыстық тамақпен наурыз айына дейін қамтамасыз етілсе, қашықтан оқытуға байланысты оқушыларға берілетін бір мезгіл ыстық тамақтың ақшасы үнемделген қаржы есебінен кейінге шегерілуде (61 млн 363 мың теңге).