Бәйдібек: Абаттандыру жұмыстары қарқынды жалғастырылуда

Бәйдібек ауданы күре жолдарды жөндеуді қолға алды | DalaNews

Бәйдібек күн санап көркейіп келеді. Өңірде аудан көркін кіргізу мақсатында, ондағы нысандарды қолдау мақсатында жасалып жатқан абаттандыру жұмыстары бүгінгі күні де жағасып келеді.

Бәйдібек ата елді мекеніндегі «Орталық саябақ» нысанының құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бөлінген 3 837,0 мың теңге қаржыға тиісті мекеме тарапынан құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

- Шаян елді мекеніндегі Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасатын 12 нысанды абаттандыруға жалпы құны 232 654,7 мың теңге қаржыға сметалық құжаттамалары әзірленіп қойылды.

Атап айтқанда:

Шаян елді мекеніне кіре беріс жеріне арка орнатуға  – 20 034,2 мың теңге;

Шаян өзеніндегі көпірді түнгі жарықтандыруға  – 3 502,2 мың теңге;

Шатыр аялдамаларын орнатуға – 1 828,4 мың теңге;

«Туған жерім Бәйдібек» монументін орнатуға – 10 922,6 мың теңге;

Аталған монументтің алдын асфальттауға – 7 842,7 мың теңге;

Айналма жолға монумент орнатуға – 16 348,9 мың теңге;

Дүкендердің алдын абаттандыруға (шарбақ орнату) – 31 620,8 мың теңге;

Рысқұлов көшесінің бойына 2 дана аялдамалар қоюға – 4 072,3 мың теңге;

Рысқұлов көшесінің бойындағы бос жатқан жер теліміне (бұзылған ескі көпқабатты тұрғын үйдің орыны) «Аллея» салуға – 16 284,7 мың теңге;

Аталған аллеяның жанынан футбол, балалар ойын алаңын және жаттығу алаңын салуға – 52 902,0 мың теңге;

Шолаққорған бағытынан кіре беріс жерден монумент орнатуға– 8 741,7 м.т.;

Рысқұлов көшесін абаттандыруға – 58 554,2 мың теңге.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер