Сайрамда жаңа спорт кешені ашылды

Сайрамдық жас спортшылар үшін жағымды жаңалық. Ауданда тағы бір ғимарат бой көтерді. Бұқаралық спорты дамыту - ұлт саулығының негізі демекші жаңа сарай - спорттың дамуына серпін берері сөзсіз. 

Спорт саңлақтарын әзірлеуге қауқарлы заманауи спорт кешенінің ашылу рәсіміне аудан әкімі Ұласбек Садыбеков қатысып, алғашқы ойынды бастап берді.

Қарамұрт ауылында бой көтерген жабық спорт кешенінде үлкен залдан бөлек, баскетбол, валейбол, үстел теннис залдары да жұмыс істейді.

Ұласбек Сәдібеков сол залдарды аралап, Қарамұрт халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа нысан – халықтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер