Ордабасы: Жыл басынан бері Ордабасы ауданында 327 шаңырақ құрылды

Бүгін – Халықаралық отбасы күні | Almaty.tv

Бүгін - Отбасы күні. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын. Дәл сол жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күні мерекесі аталып өткен еді.

Осыған орай Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков аудан тұрғындарын мерекелерімен ізгі ниетпен құттықтады.

«Бұл - дәстүрге берік, ұлттық құндылықтарды ұлықтаушы әр қазақстандық үшін аса маңызды күн десем, қателеспеймін. Өйткені, Біз отбасыдағы тәрбиемен қалыптасып, өз отбасыларымызды құру арқылы ұрпақтар сабақтастығының негізін қалаймыз.

Жыл басынан бері Ордабасы ауданында 327 шаңырақ құрылып, 1973 нәресте дүниеге келді. Бүгінде ауданымызда отбасылық институтты нығайтуға аудандық ардагерлер, әйелдер кеңесі, әжелер алқасы еселі еңбек сіңіруде. Нәтижесінде, неке бұзу дерегі өңірімізде 4 есеге азайғанын зор мақтанышпен айтамын.

Құрметті ордабасылықтар!

Отан - отбасыдан басталады!
Бүгінгі мерейлі күні баршаңызға қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлерді лайықты жалғастырып, шаңырақтарыңызды шуаққа бөлеп жүргендеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін.

Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін! Әр үйде махаббат пен татулық салтанат құрсын!»

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер