Ордабасы: Жылқы тұқымын асылдандыру жоспарда

Басты ақпарат | Қазақ газеттері | Page 158

Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы – Ордабасы ауданының экономикасындағы жетекші салалардың бірі. Мал басы санының артуы, өнім артуы, тұқым асылдандыру мәселелері бүгінде жүйелі атқарылып жүрген жұмыстар. Сондай-ақ, бұл бағытта бірқатар жобалар да жүзеге асырылып жүр. Солардың бірі - «Құлан» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты - етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Ауданда бағдарлама бойынша алынатын 269 бас жылқының, нақты алынғаны 389 бас. Жалпы жоспар 144 пайызға орындалды. Қаржы ұйымдарынан жылқы басын көбейтуге 22 шаруашылыққа 92 млн. 758 мың теңге несие беріліп, 290 бас жылқы сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға берілген тапсырма толығымен орындағанмен Бөржар ауыл округі (тапсырма 35 бас, орындалуы 22 бас болып, яғни 63 пайызға, Шұбар ауыл округі 96 пайызға, Жеңіс ауыл округі немесе 97 пайызға орындаған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 15 бас жылқы аналығына 1 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынуы тиіс. Сатып алынған 1 бас асыл тұқымды жылқыға 100 мың теңге субсидия беріледі.

Сондай-ақ, өткен жылы, шет елдерден етті бағытта – 315 бас және сүтті бағытта – 34 бас импорттық аналық ірі қара мал сатып алынып, әкелінді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер