Ордабасы: Сүт фермалары көбейді

Табысты тауарлы-сүт фермалары көбейді

Соңғы жылдары Ордабасыда ірі қара мал басы көбейген. Бұл – «Сыбаға», «Құлан», «Ал­тын асық» мемлекет­тік бағ­дар­ламаларының тия­нақты жүзеге асуының арқа­сында қол жеткен көрсет­кіш. Ірі қараның көбеюі облыс бойынша тауарлы-сүт ферма­лары­ның да көптеп ашылуына мүмкіндік беріп отыр. 

Ауданда жалпы 84 бірлік сүт фермаларында 1 260 сиыр бар, олардан 3 326 тонна сүт сауылды. Осы сүт фермалардың ішінде былтырғы жылы 21 бірлік сүт фермасын ашу жоспарланып, нақты 26 бірлік ашылды немесе тапсырма 124 пайызға орындалды.

Өткен жылы 2 бірлік шағын құсфермасы Бөржар а/о, Ұялыжар ауылында жылына 58,5 тонна құс етін өндіру бағытында 15 мың бас болатын жанұялық құс фермасы (өз қаржысымен құны – 12 млн. тг) іске қосылып, 15 тонна құс еті өндірілді.

Шұбар а/о жылына 25 тонна қазы етін өндіру бағытында 1500 бастық асыранды қаз өсіру фермасы (өз қаржысымен құны – 30 млн. тг) іске қосылды. Өткен жылы 10 мың дана жұмыртқадан қазы балапанын өндіріп, келешекте өндіріс қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер