Ордабасы: Шағын және орта кәсіптің қарқыны жақсы

Кәсіп ашқан жан көп- RG media - ақпараттық агенттігі

Ордабасы ауданында кәсіпті дамыту бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, қаржы-несиелік қолдау саясаты жетілдіріліп келеді. Осы қолдаулардың арқасында шағын және орта кәсіпкерлік саны мен олармен өндірілетін өнімдердің көлемі артуда. Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артты.

Сондай-ақ, ауданда шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Бұл орайда аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруде. 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы арқылы жұмыспен қамтылғандар саны 14 973-ке жетіп, 23 млрд. 397 млн. теңгенің өнімі (заңды тұлғалармен 12 млрд. 489 млн. тг., жеке кәсіпкерлермен 1 млрд. 546 млн. тг., шаруа және фермер қожалықтарыменен 9 млрд. 362 млн.тг.) өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 110,9 % құрады. Одан түскен салық 281 млн. теңге.

Өлкеде бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту үшін жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру және де жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындауда.

Айта кету керек, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы-2025", "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек", "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер