Ордабасы: 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді

Егістік алқаптарда зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі - СЦК при  Президенте РК

Соңғы жылдары Ордабасыда оңды жаңалықтар көп. Ауданға қарасты Бөген ауыл округінің негізгі саласының бірі — ауыл шаруашылығы. Мұнда жыл сайын мыңдаған гектар жер игеріліп, жемісін беріп жатады. Ата кәсіпті табыс көзіне айналдырған тұрғындар егіншілік, малшылықтың заманауи түрлеріне көшкен.

Биыл-былтыр ауылда «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Ауыл округінің жалпы жер көлемі 20 452 гектар. Оның ішінде бүгінде суармалы жер – 4 207 гектар, жайылымдық жер – 6 309 гектар, үйіргелік жер – 100,9 гектарды құрап отыр. Екі елдімекендегі тұрғындар  – 5 050 адам.

Атап айтсақ, 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланған болатын. Биыл енді сол жоспар 100 пайызға орындалып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер