Ордабасы: Ауыр жүк көліктеріне рейдтік жұмыстар жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған болатын. Жобалық кеңсенің мақсаты – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық қағидаттарын және комплаенс саясатын енгізу болып табылады.

Осыған орай, аталған жобасы аясында Ордабасы ауданының  Шығыс қақпасының  тас жолында ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында рейдтік жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген кешенді мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты – ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және жаңадан төселген тегіс жолдардың бұзылмауына жол бермеу.

Жүргізілген рейдтік жұмыстарына «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Бауыржанұлы, «Ордабасы аудандық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.Баймаханова және облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Рейдтік шара кезінде жалпы саны 17 аса ауыр жүк тасымалдаушы жүк көліктері тоқтатылып, артылған жүк пен тиесілі құжатының сәйкес болуы және заңмен бекітілген шамадан аспау керектігі жөнінде мамандар тарапынан жүк тасымалдаушыларға арнайы кеңес берілді

Бақылау барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағын бақылауға алып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға әкімшілік 3 хаттама толтырылып, құны 125499 (жүз жиырма бес мың төрт жүз тоқсан тоғыз) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер